дедлайн[ˈdedlaɪn]
соңғы мерзім
Ұсынылған баламаРедакцияРедакция · Сайт редакциясы
Жұмысты аяқтау керек болатын соңғы уақыт шегі. Бұл мерзімнен кейін тапсырма кешіккен болып саналады.
Сөзбе-сөз «өлі сызық» дегенді білдіреді. АҚШ-тағы азамат соғысы кезінде (1860-жылдары) тұтқындар лагерінің айналасына сызылған сызықты атаған: одан асқан тұтқынға оқ атылған. ХХ ғасырдың басында баспасөзде «мақала тапсырылатын соңғы уақыт» мағынасында қолданыла бастаған.
«Мақаланың соңғы мерзімі — жұма күні сағат алтыда.»