Сөздікте 563 сөз бар
мерзімі өткен берешекРедакция
Несие не төлем бойынша белгіленген мерзімнің өтіп кетуі.
сақтық көшірмеРедакция
Дерек жоғалып қалмауы үшін алдын ала жасалатын қосымша көшірме.
соңғы мерзімРедакция
Жұмысты аяқтау керек болатын соңғы уақыт шегі. Бұл мерзімнен кейін тапсырма кешіккен болып саналады.
Әзірге нұсқа жоқ — бірінші болып ұсыныңыз.
Жаңа идеяға негізделген, тез өсуді мақсат еткен жас компания. Көбіне технологиямен байланысты болып, инвестор қаржысымен дамиды.
ой шабуылыРедакция
Топ болып қысқа уақытта мүмкіндігінше көп идея ұсыну әдісі.
бейімдеуРедакция
Жаңа қызметкерді ұжымға, жұмыс тәртібіне үйретіп, бейімдеу.
шолғышРедакция
Интернеттегі беттерді ашып, экранға шығарып беретін бағдарлама. Chrome, Safari, Firefox — соның мысалдары.
кәсіби күйзелісРедакция
Ұзақ уақыт шамадан тыс жұмыс істеуден туындайтын күйзеліс: адам шаршап, жұмысқа деген ынтасы мен көңіл күйі жоғалады.
кері байланысРедакция
Атқарылған жұмысқа, өнімге немесе адамның әрекетіне қатысты берілетін жауап-пікір. Мақсаты — не сәтті, не сәтсіз екенін көрсетіп, келесі қадамды түзеу.
Әзірге нұсқа жоқ — бірінші болып ұсыныңыз.
Интернет арқылы таратылатын, кез келген уақытта тыңдауға болатын дыбыстық хабарлар топтамасы.
қысқасыРедакция
Сөзді қорытқанда не қысқартқанда айтылатын қыстырма сөз.
қарама-қарсы мағыналы сөзРедакция
Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөз.
шартРедакция
Тараптардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін келісім.
салымшыРедакция
Пайда табу үшін бір іске ақшасын салатын адам не ұйым.
Іздеген сөзіңіз жоқ па? Сұрау қалдырыңыз