Тың сөз
СөздерСұрауларМамандарОйындар

Жоба туралы

Тың сөз — шет тілінен енген сөздерге қазақша балама іздейтін ашық қауымдастық сөздігі.

Не үшін керек

Қазақ тілінде сөйлейтін адам күнде ондаған кірме сөзді қолданады: deadline, feedback, backup. Олардың қазақшасы бар, бірақ бір жерге жиналмаған. Тың сөз — сол баламаларды бір жерге жинап, қайсысы қолайлы екенін қауымдастықпен бірге шешетін алаң.

Кім қатыса алады

Тіркелген кез келген адам сөз сұрай алады, өз нұсқасын ұсынып, басқалардың нұсқасына дауыс бере алады. Ең көп дауыс жинаған нұсқа сөз бетінің жоғарысында тұрады.

Мамандардың рөлі

Тіл мамандары мен әр саланың өкілдерін әкімші тіркейді. Олардың нұсқасы «маман ұсынысы» деген белгімен ерекшеленеді — бұл дауыс беруді шектемейді, тек оқырманға қосымша бағдар береді.

Сөздік қоры қайдан алынды

Бастапқы бес жүзден астам сөзді редакция жинады: әлеуметтік желіде, жұмыста, тұрмыста жиі айтылатын кірме сөздер. Баламасы ретінде тілде бар қазақша сөздер мен тіркестер алынды, жаңа сөз ойдан шығарылмады. Ондай балама табылмаса, сөз «Балама күтілуде» деп қалдырылды. Редакция нұсқалары «Редакция» белгісімен тұрады және дауыссыз басталады — қайсысы қалатынын дауыс шешеді.

Апта сөзі

Мезгіл-мезгіл бір сөз «апта сөзі» не «ай сөзі» болып жарияланады. Мерзімі ішінде ұсынылған нұсқалардың ең ұтымдысының авторы ақшалай сыйақы алады. Жеңімпазды редакция анықтайды: дауыс саны ескеріледі, бірақ шешуші емес. Сыйақы жеңімпазбен тіркелгідегі пошта арқылы байланысқаннан кейін аударылады.

Мақалалар қайдан алынады

Әр сөздің анықтамасы, шығу тарихы және қолданылу мысалын редакция дайындайды. Мақсат — Уикипедия сияқты қысқа әрі дәйекті мақала беру.

Ашық бастаулар

Ойындарға қолданылатын қазақ сөздерінің қоры qate.js жобасынан (MIT лицензиясы) алынды. «Сөзді тап» ойынының механикасы sozdle жобасына негізделген.