Сөздікте 95 сөз бар
Сөздер Джон Кёнигтің “The Dictionary of Obscure Sorrows” жобасынан алынды (dictionaryofobscuresorrows.com). Түсіндірмелер мен мысалдарды редакция өз сөзімен жазды.
Жылдар бойы араласпаса да, кездескенде бірден қайта жалғасып кететін достық.
Бәріне аз алаңдап, өміріңе еркінірек қарасам деген тілек.
Біреудің өзіңе қаншалықты маңызды екенін оны қайта көргенде ғана еске алу.
Сен туғандағы ата-анаңның жасынан асып кету сәті.
Өз-өзіңмен сөйлесіп тұрып, біреу естіп қойғанын байқап, ыңылдап ән салғандай болу.
Өміріңді түбегейлі өзгертетін үлкен бір оқиғаға тап болғың келу.
Адамның ішкі жақсылығын көру үшін оның жамандығын ойша елеп тастау.
Әлемде ашылмаған жер қалмағанына деген мұң.
Мағынасыз зорлық-зомбылықтан кейінгі шаршау мен күйзеліс.
Сол кезде елеусіз көрінген, бірақ өміріңнің бағытын өзгерткен сәт.
Әлдеқашан ұмытылған бір бейненің кенет есіңе түсуі.
Бақытты екеніңді аңғарып, оны ұстап қалмақ болғанда сезімнің сейіліп кетуі.
Ойыңда қайта-қайта ойнатып жүретін, шын өмірде болмаған әңгіме.
Мәдениетте бәрі баяғыда жасалып қойғандай, жаңа ештеңе қалмағандай сезім.
Бітті деп ойлаған, бірақ ойыңнан шықпай жүрген қарым-қатынас не достық.
Біреу соншалықты ұнайтыны соншалық, тіпті сол үшін ашуың келу.
Көп жыл білетін адамыңның да өзіңе беймәлім ішкі әлемі бар екенін кенет аңғару.
Қатты жақсы көретін адамыңды қысып, тіпті тістеп алғың келетін сезім.