Сөздікте 95 сөз бар
Сөздер Джон Кёнигтің “The Dictionary of Obscure Sorrows” жобасынан алынды (dictionaryofobscuresorrows.com). Түсіндірмелер мен мысалдарды редакция өз сөзімен жазды.
Өз өміріңнің оқиғасы ерекше болып көрінсе де, шын мәнінде көптің бірі екенін сезіну.
Өз жүрегіңнің соғысын анық сезініп, соған алаңдау.
Көптен күткен арманыңды ақыры қолға алғандағы қуаныш пен қорқыныш.
Қоғамда әдеттегі болып саналатын бір нәрсенің кенет біртүрлі әрі ақылға сыймайтын болып көрінуі.
Өзіңнің айналаңдағы адамдардың өміріне қандай із қалдырғаныңды білгің келу.
Мүлде болуы мүмкін емес бір адамды көпшіліктің ішінен іздеу.
Мансапты тастап, тауда қой бағатын қарапайым өмірге кетсем деген азғыру.
Ұзақ армандаған нәрсеңе жеткенде, күткендей қуанбағаныңа ренжу.
Басыңнан кешкенді қағазға түсіргенде, оның маңызы кішірейіп кететін сезім.
Бір нәрсені жай лақтырып, дәл нысанаға тигізгендегі сәттілік сезімі.
Денеңдегі тыртықты мақтаныш ету.
Сапардан оралған соң оның әсері тез сейіліп бара жатқанын сезу.
Бейтаныс адамдар арасындағы ең кішкентай жылы байланыс.
Ескі кітап дүкенінің уақыт сіңген ерекше мұңы.
Ата-анаңның бала кезгі достарымен араласқанда, олардың жас кезіндегідей өзгеріп кеткенін көру.
Ойға беріліп тұрғанда бетіңе өзінен-өзі келетін тұрақты әлпет.
Айналаңда күнде болып жатқан, бірақ ешкім байқамайтын шеберлік пен сұлулық.
Бір нәрсе айтқың келгенін білдіріп, бірақ толық айтпай қою.
Іздеген сөзіңіз жоқ па? Сұрау қалдырыңыз