Сөздікте 7 сөз бар
сақтық көшірмемаман ұсынысы
Дерек жоғалып қалмауы үшін алдын ала жасалатын қосымша көшірме.
соңғы мерзіммаман ұсынысы
Жұмысты аяқтау керек болатын соңғы уақыт шегі. Бұл мерзімнен кейін тапсырма кешіккен болып саналады.
бастама кәсіпмаман ұсынысы
Жаңа идеяға негізделген, тез өсуді мақсат еткен жас компания. Көбіне технологиямен байланысты болып, инвестор қаржысымен дамиды.
шолғышмаман ұсынысы
Интернеттегі беттерді ашып, экранға шығарып беретін бағдарлама. Chrome, Safari, Firefox — соның мысалдары.
кәсіби күйзелісмаман ұсынысы
Ұзақ уақыт шамадан тыс жұмыс істеуден туындайтын күйзеліс: адам шаршап, жұмысқа деген ынтасы мен көңіл күйі жоғалады.
кері байланысмаман ұсынысы
Атқарылған жұмысқа, өнімге немесе адамның әрекетіне қатысты берілетін жауап-пікір. Мақсаты — не сәтті, не сәтсіз екенін көрсетіп, келесі қадамды түзеу.
үнжазбамаман ұсынысы
Интернет арқылы таратылатын, кез келген уақытта тыңдауға болатын дыбыстық хабарлар топтамасы.
Іздеген сөзіңіз жоқ па? Сұрау қалдырыңыз