Сөздікте 563 сөз бар
тез тарағанРедакция
Желіде қысқа уақытта қолдан-қолға тарап, көп адамға жеткен (жазба, бейне).
мазмұн авторыРедакция
Желіге арнап мәтін, сурет не бейне әзірлейтін адам.
мазмұнРедакция
Сайтта не парақшада жарияланатын мәтін, сурет, бейне — жалпы мазмұн.
таспаРедакция
Жазылған парақшалардың жаңа жазбалары кезекпен тізіліп шығатын бет.
жазылушыРедакция
Біреудің парақшасына жазылып, жаңа жазбаларын қадағалап отыратын адам.
бөлісуРедакция
Жазбаны, сілтемені не суретті басқаларға жіберу, өз парақшаңызда тарату.
электрондық цифрлық қолтаңбаРедакция
Электрондық құжатқа қойылатын, қолмен қойылған қолтаңбамен күші тең қолтаңба.
жеке сәйкестендіру нөміріРедакция
Қазақстан азаматына берілетін он екі таңбалы жеке нөмір.
доп алып жүруРедакция
Допты қарсыластардан алып өтіп, жетектеп жүру.
бұрыштамаРедакция
Доп қорғаушы жақтың қақпа сызығынан шыққанда бұрыштан тебілетін соққы.
жеке жаттықтырушыРедакция
Бір адаммен жеке жұмыс істейтін жаттықтырушы.
Іздеген сөзіңіз жоқ па? Сұрау қалдырыңыз