Сөздікте 95 сөз бар
Сөздер Джон Кёнигтің “The Dictionary of Obscure Sorrows” жобасынан алынды (dictionaryofobscuresorrows.com). Түсіндірмелер мен мысалдарды редакция өз сөзімен жазды.
Өзіңді орныңда емес сияқты, басқа ортаға жаралғандай сезіну.
Бір ғана денеде, бір ғана жерде өмір сүретініңді, әлемнің өте аз бөлігін ғана көре алатыныңды түсіну.
Сыртта нөсер жауып, күн күркіреп тұрғанда үйде жылы отырудың тыныш рахаты.
Әдетте адамға толы, бірақ қазір бос тұрған жердің ерекше, сәл үрейлі тыныштығы.
Жаныңнан өткен әр бейтаныс адамның да сенікі сияқты күрделі, толық өмірі бар екенін кенет сезіну.