Сөздікте 95 сөз бар
Сөздер Джон Кёнигтің “The Dictionary of Obscure Sorrows” жобасынан алынды (dictionaryofobscuresorrows.com). Түсіндірмелер мен мысалдарды редакция өз сөзімен жазды.
Бір нәрсе айтқың келгенін білдіріп, бірақ толық айтпай қою.
Біреу туралы көрген түсің келесі күні оған деген сезіміңе әсер ету.
Қазіргі әлем ертегілердегідей ұлы оқиғаларға толы болса екен деген арман.
Ауырсынудан қорғайтын, бірақ қысым артқанда сынатын ішкі сауыт.
Кім қоңырау шалып тұрғанын біле тұра, телефонды «Алло?» деп бейтарап алу.
Не істесең де, бәрі қате болып шығатындай сезім.
Өз көзқарасыңның тым тар екенін, әлем туралы толық тұжырым жасай алмайтыныңды түсіну.
Тек түнде мазалайтын қайталанбалы ой.
Неге алаңдап, ашуланып не толқып жүргеніңді еске түсіруге тырысу.
Түнде ұйқың келмей жатып, өлетініңді кенет айқын сезіну.
Ешқашан кездеспейтін автормен, өнерпазбен рухани байланыс сезіну.
Бір қалыпқа, стереотипке оп-оңай сыйып кететініңе ренжу.
Жастықты енді сылтау ете алмайтын жасқа жеткенді белгілеу.
Жиынның ішінде емес, шетінде тұрып, оның жылуын сезінудің тыныш рахаты.
Жақсы көретін адамдарыңды да кенет өзіңнен алыстатқың келу.
Таныс көп болғанымен, шын жақын досың жоқтығы.
Ұша алмайтыныңа деген көңілсіздік.
Жылдар бойы араласпаса да, кездескенде бірден қайта жалғасып кететін достық.
Іздеген сөзіңіз жоқ па? Сұрау қалдырыңыз